Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

0
483

Шаһардың аумағы 19 мың гектарды қамтиды.


Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

ERNUR.KZ. Облыс орталығының Бас жоспарына сәйкес, 6 мың адам тұратын тоғыз саяжай алқабы қала шекарасына енгізілді. Олардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады. Бұл туралы өңір басшысы қала тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім етті, деп жазады inform.kz.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, жоспарға сай, шаһардың аумағы 19 мың гектарды қамтиды. Халық саны 2050 жылға қарай 200 мыңға жетеді.

«Жақында жаңа әкімшілік-тұрғын үй орталығын салуды көздейтін қаланы дамытудың кешенді жоспары қабылданады. Соған сәйкес, 6 мың адам тұратын 9 саяжай алқабы қала шекарасына енгізілді. Олардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Аймақ басшысы облыста құрылыс нысандарын салуға талап күшейтілгенін атап өтті.

«Мысалы, Қонаевта салынып жатқан 10 көпқабатты үйдің жетеуінің жобасы толықтыруға жіберілген. Оларға қасбетіне, абаттандыруға, автотұраққа байланысты ескерту берілді», - деді ол.