Конституцияны жатқа білетін студент енді оқу орнында тегін оқиды

0
867

Конкурсқа қатысуға түрлі мамандықта оқитын 250 студент ниет білдірген.


Конституцияны жатқа білетін студент енді оқу орнында тегін оқиды

ERNUR.KZ. 30 тамыз - Қазақстанның Конституциясы күні. Атаулы күнге орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті алқылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі "Мен Конституцияны жатқа білемін!" конкурсын өткізді, деп жазады zakon.kz.

Байқаудың мақсаты - Қазақстан Конституциясы күнін атап өту, Ата заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Конкурсқа қатысуға түрлі мамандықта оқитын 250 студент ниет білдірген.

Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде ҚР Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұрақтан тұратын сауалға жауап берді. Ал екінші кезеңге сүрінбей өткендер, Ата заңның баптарын жатқа айтудан жарысты. Конкурсқа Атырау қалалық соттың судьясы, прокурор және жеке сот орындаушы, университеттің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс қортындысы бойынша 3-орынды (30 пайыз жеңілдік) "Экология" мамандығының студенті Ботакөз Интимахова, 2-орынды (50 пайыз жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш алды. Ал бас жүлдені азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов бір жылдық оқуын тегін оқуға сертификат алды.

Дәстүрге айналған конкурс келесі жылдары да өз жалғасын таппақ.