​Кореялықтар Айдана Меденоваға шет елге шығуға тыйым салды

0
1 969

Отандық өнерпаздың жүріп-тұруына тосқауыл қойған корейліктер көрінеді.


​Кореялықтар Айдана Меденоваға шет елге шығуға тыйым салды

фото everything.kz

Жаз шықса жағажайға асығатын жұлдыздардың бір тобы шартарапты шарлап жүрсе, Айдана Меденованың шет елге барып демалуға мүмкіндігі жоқ. Отандық өнерпаздың жүріп-тұруына тосқауыл қойған корейліктер көрінеді. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айдана Меденова корейлік компаниямен келісімшартқа отырғалы әншінің әр қадамы аталмыш елдегі серіктестерінің қадағалауында екен. Әдетте, жаз айларының бірін жанұялық демалысқа арнайтын бикешке, бір жыл бойы жылы жаққа серуендеуге болмайды. Күнге күйіп, жағалауда қыздырынуға тыйым салынған. Бұл қазақ қызына кәрістердің қойған талабы.

“Мен өзім «загар» дегенді жақсы көремін. Бірақ, Кореяда сұлулық талаптары өзгеше. Ол жерде керісінше ақшыл адамдарды жақсы көреді. Келісімшарт бойынша мен өз келбетімді өзгертпеуім керекпін. Қараймау керекпін!” – дейді Меденова.