Қорғаныс министрлігіндегі өрт неден шығуы мүмкін – ведомство болжамы

0
707

Өрт толық сөндірілді.


Қорғаныс министрлігіндегі өрт неден шығуы мүмкін – ведомство болжамы

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Telegram каналы арқылы ведомство ғимаратында өрттің неден шығуы мүмкін екенін айтты, деп жазады inform.kz.

«2022 жылғы 29 қазан күні сағат 13.25-те Қорғаныс министрлігі ғимаратындағы кабинеттердің бірінде офистік жиһаздан өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша оттың шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болып отыр», - делінген министрліктің хабарламасында.
Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Тексеріс жүргізілу үстінде.
Осыған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі ғимаратынан өрт шығып, 10 шаршы метр аумақта жиһаз жанып кеткенін хабарлаған едік.