Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылуы мүмкін

0
269

Оның жарғылық капиталы 265 млн теңгені құрайды.


Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылуы мүмкін

ERNUR.KZ. "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" АҚ құру туралы" үкімет қаулысының жобасы талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Қор қызметінің негізгі мақсаты – қазақстандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жаңғырту.
Құжат республикалық бюджет есебінен қалыптастырылатын жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыз қатысуын көздейді.
Жобаға сәйкес акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиесілі болады.
Қаулыны қоғамдық талқылау 26 қазанда аяқталады