"Қорғас" Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті

0
737

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі 2023 жылғы 2 мамырдағы қаулыны қабылдады, оған сәйкес "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді, деп жазады zakon.kz.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін", – деп жазылған құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін "Қорғас" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің басқаруында болған.

Осы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне де түзетулер енгізілуде.