Көріпкел өтірік айтады – Бақытжан Байжанов

0
502

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Шымкент қаласында тұратын көріпкел жауап беріп жатыр.


Көріпкел өтірік айтады – Бақытжан Байжанов

ERNUR.KZ. Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша екінші күдікті ретінде ісі қаралып жатқан Бақытжан Байжанов көріпкел сотта жалған сөйлеп жатыр деп мәлім етті. Оның айтуынша, көріпкел жедел жәрдем туралы айтпаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Маған бұл айтқаным көмектесе ме білмеймін, бірақ, куәгер өтірік айтып тұр. Бишімбаев куәгерге бірінші рет телефон соққанда, мен оның қасында болған жоқпын. Екінші рет телефон соққанда жанында тұрдым. Куәгер қазір айтып тұрғандай, ол жедел жәрдем туралы айтқан жоқ. Ол «Салтанаттың миы демалсын» деді. Жеке өзім оның жедел жәрдем шақыр дегенін естіген жоқпын», - деді Бақытжан Байжанов.

Айта кетейік, бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Шымкент қаласында тұратын көріпкел жауап беріп жатыр. Куәгердің айтуынша, ол Бишімбаевты бір жарым жылдан бері таниды екен. Қуандық Бишімбавты бұл куәгермен анасы таныстырған көрінеді. Куәгер сол күні Бишімбаев қайта-қайта мазасыз алғанын, «бәрі жақсы деген хабарлама жіберіңізші» деп өтініш жасағанын айтып берді.

«Бишімбаев маған 9 қараша күні күндіз хабарласып, Салтанат екеуміз мас болып, төбелесіп қалдық деді. Мен «не болды, қай жері жараланды?» деп сұрадым. «Біз мейрамханада қатты мас болып, төбелесіп қалдық» деді. Мен жедел жәрдем шақырыңыз дедім. Ол өзі адам төзгісіз кісі ғой. Маған қайта-қайта телефон шалып, «Салтанат оянады деп айтыңызшы», «Салтанат оянбай жатыр, бірдеме істеңізші» деді. Мен «дәрігерге барыңдар, мен не істей аламын?» дедім. Ол өзіме «қайдағы жедел жәрдем, ол оянады» деді. Ол мас болды, маған қайта қайта хабарласып, мазамды алды», - дейді куәгер.