Коронавирус пен пневмониядан тағы 17 науқас көз жұмды

0
409

Вирус жұқтырған 822 адамның жағдайы ауыр.


Коронавирус пен пневмониядан тағы 17 науқас көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігі 16 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам қайтыс болды.
16 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 625 адам коронавирус инфекциясынан (38 047 КВИ+ және 578 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 055 пациент стационарда, 24 570 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 822 адамның жағдайы ауыр,
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 111 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, жылғы 14 мамырдағы мәлімет бойынша 118 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 54 132;
өлім жағдайлары – 854;
барлығы 52 700 адам сауығып шықты.