Коронавирус жұқтырған 350 адамның жағдайы ауыр – министрлік

0
418

Коронавирус инфекциясынан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда.


Коронавирус жұқтырған 350 адамның жағдайы ауыр – министрлік

20 тамыз таңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 16 мыңға жуық адам коронавирустан емін жалғастыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 бала бар. Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 350 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 100 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте.