Қостанай облысында 53 қасқырды атуға рұқсат берілді

0
520

Жануарлардың санын реттеу мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.


Қостанай облысында 53 қасқырды атуға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Қостанай облысында төрт түлік малға шабуыл жасаған қасқырларды атуға рұқсат берілді, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рустам Бидибаев мәлімдеді.

Жануарлардың санын реттеу мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Бұған дейін Қостанай облысында қасқыр санын реттеуге шектеу енгізілген болатын. Енді облыс бойынша 53 қасқырды жоюға рұқсат беріліп отыр. Жыртқыштар елдімекендер аумағына өткен жағдайда, оларды атуға рұқсат беріледі, – деді Рустам Бидибаев.

Жануарды ату лицензиясын elicense.kz веб-порталынан алуға болады.