Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің құжаттары кезексіз қалпына келтіріледі

0
510

Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Миржан Жаңабаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы халыққа қызмет көрсету бөлімшелерінің қызметкерлері көші-қон полициясы өкілдерімен бірге өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.


Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің құжаттары кезексіз қалпына келтіріледі

ERNUR.KZ. Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің құжаттары кезексіз қалпына келтірілмек, деп жазады zakon.kz.

Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Миржан Жаңабаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы халыққа қызмет көрсету бөлімшелерінің қызметкерлері көші-қон полициясы өкілдерімен бірге өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

"Жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүліктің құжаттарын қалпына келтіру үшін тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуы қажет", - дейді Миржан Жаңабаев.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ХҚКО Қостанай облысы бойынша филиалының директоры жәбірленушілер жүгіне алатын мекенжайларды көрсетті:
  • Әулиекөл ауданында - Әулиекөл ауылы, Ш.Жәнібек батыр көшесі;
  • Қарасу ауданында - Қарасу ауылы, Комсомольская 24 көшесі.
"Қызметкерлер түскі үзіліссіз азаматтарға құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге дайын, зардап шеккен азаматтарды қабылдау кезексіз жүргізіледі", - дейді Миржан Жаңабаев.