Қостанайда балабақша тәрбиешісі сотталды

0
1 034

Былтыр жазда Қостанайда №61 балабақшасында бала орнында дұрыс отырмағандықтан тәрбиеші орындықты өзіне қарай тартып қалған. Осы сәтте бала жерге құлап, бұғана сүйегі сынған.


Қостанайда балабақша тәрбиешісі сотталды

ERNUR.KZ. Қостанай балабақшасында бұғанасы сынған баланың ісіне қатысты тәрбиешіге сот үкімі шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Қылмыстық кодекстің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа 25 жастағы балабақша тәрбиешісі келді. Сот істі қарап, шешім шығарды.

"Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәрбиеші кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкімді судья Нұрлан Бекішев жариялады.

Сот шешімін естігенде әйел адам көзіне жас алып, журналистерге түсініктеме беруден бас тартты. Тәрбиеші өз кінәсін толық мойындады. Қылмыс абайсызда бірінші рет жасалып отырғандықтан сот жеңілдетілген жағдай деп бағалады.

Сот бұрынғы тәрбиешінің құқық бұзушылық жасамағанын ескерді. Судья сотталушыға неліктен айыппұл салмағанын да түсіндірді. Әйел адам қазіргі уақытта жұмыс істемейтіндіктен, сот айыппұл төлеуден басқа жаза қолдану туралы шешім қабылданған.

Еске сала кетейік, былтыр жазда Қостанайда №61 балабақшасында бала орнында дұрыс отырмағандықтан тәрбиеші орындықты өзіне қарай тартып қалған. Осы сәтте бала жерге құлап, бұғана сүйегі сынған. Бірақ тәрбиеші жедел жәрдем шақырудың орнына баланы тыныштандыруға тырысқан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.