Қостанайда көбік кешінде тоқ соққан қыз көз жұмды

0
501

12 қыркүйек күні таңертең қайтыс болды.


Қостанайда көбік кешінде тоқ соққан қыз көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Еске сала кетейік, 25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жасар қызды тоқ соққан болатын. Анықталғандай ол бүгін,12 қыркүйек күні таңертең көз жұмды.
9 жасар қыз ауруханаға ес-түссіз күйде ауыр жағдайда түсіп еді. Қыздың қайтыс болғанын Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады. Кішкентай қыз оқыс оқиғадан кейін осы ауруханаға жатқызылған болатын.
Кейіннен денсаулық сақтау министрлігі ұлттық шұғыл медицина орталығының дәрігерлерін тоқ соққан 9 жастағы қызға көмек беру үшін Қостанайға жіберді.