Қостанайда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтады деген күдікке ілінді

0
331

Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілген.


Қостанайда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қостанай қаласында такси жүргізушісі клиентін пышақтады деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілген.

"Аталмыш дерек тіркелді. Полиция жүргізген тексеріс барысында жәбірленушіні жарақаттаған такси жүргізушісі екені анықталды. Жәбірленуші мен жүргізуші арасында жанжал болған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен тергеу жүріп жатыр.

Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық шара қабылданып жатқанын мәлімдеді.