Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясындағы өрттен екі адам зардап шекті

0
4 388

Өрт 291 шаршы метрді шарпыған.


Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясындағы өрттен екі адам зардап шекті

ERNUR.KZ Қостанайда Қайырбеков көшесі, 455 мекенжайындағы екі қабатты техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді, деп жазады Zakon.kz.




Өрт сөндірушілер көлемі 27 литр алты газ баллонын шығарды. Өрт сағат 21:11-де ауыздықталып, сағат 22:54-те сөндірілді. Өрт 291 шаршы метрді шарпыған. Себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар жеткенге дейін жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен екі адамды ауруханаға жатқызды.


Өртті сөндіруге жеке құрамның шамамен 45 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.