Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қайтыс болды

0
538

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

17 тамыз күні сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші ВАЗ 21099 автокөлігін тізгіндей отырып, Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген.

Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен ауруханаға жеткізілген жолаушы зардап шекті. Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды.

Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.