Қостанайдағы өрт: Қайырымдылық KZ қорына 491 млн теңге жиналды

0
449

Қаржының басым бөлігін ірі кәсіпорындар мен бизнесмендер аударған.


Қостанайдағы өрт: Қайырымдылық KZ қорына 491 млн теңге жиналды

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге 491 миллион теңге жиналды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл тек "Қайырымдылық kz" қорына түскен ақша. Қаржының басым бөлігін ірі кәсіпорындар мен бизнесмендер аударған.

Сонымен қатар өзге өңірлердегі әкімдік қызметкерлері де бір күндік жалақысын беріпті.

Айта кететіні қаржы тікелей тұрғындардың қолына берілмейді. Көмекті алу үшін азаматтар жергілікті басқарушы орган бекіткен бағалаушыларға шығынын есептетуі керек. Содан кейін арнайы қызметкерле қорға сұраныс жібереді.

Егер үйді жөндеуге ақша керек болса, белгіленген сома құрылыспен айналысатын мердігерлерге аударылады.