Қостанайға ұшқан Qazaq air ұшағы елордаға шұғыл оралды

0
479

Қазіргі уақытта ұшақ техникалық тексеруден өтіп жатыр.


Қостанайға ұшқан Qazaq air ұшағы елордаға шұғыл оралды

ERNUR.KZ. 28 желтоқсан күні Астана-Қостанай бағыты бойынша IQ367 рейсі жоспар бойынша Астанадан сағат 15:25-те ұшуға тиіс болған. Алайда, техникалық ақауларға байланысты жоспарланған рейс 4 сағат 35 минутқа кешіктірілді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұдан әрі сағат 20:12-де мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу шарасы өткізілді. Ол аяқталғаннан кейін ұшақ Қостанайға сағат 20:27-де ұшты. Алайда техникалық себептерге байланысты ұшақ ұшу әуежайына оралды", - деп түсіндірді Qazaq air әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсету базасының Астанада орналасуы себепті экипаж бортты қайтару туралы шешімді қабылдады.

Қазіргі уақытта ұшақ техникалық тексеруден өтіп жатыр.

"Межелі бағыт бойынша рейстің ұшуы 29 желтоқсанда сағат 00.40-та әуе компанияның басқа ұшағында жоспарланған. Аталған рейстің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес сергітетін сусындар, тамақ, тегін қайта брондау немесе билеттерді 100% қайтару ұсынылды. QAZAQ AIR жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қауіпсіздік – әуе компанияның басты басымдығы екенін хабарлаймыз", - деп қосты әуе компанияның баспасөз қызметі.