Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2 жарым ай уақыт керек

0
393

Костенко шахтасында арнайы комиссия жұмыс істеуде.


Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2 жарым ай уақыт керек

ERNUR.KZ. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 4 шахтасы уақытша жұмыс істемей тұр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп жазады inform.kz.

«Қазіргі таңда «АрселорМиттал Теміртаудың» 8 шахтасының төртеуі жұмыс істеп тұр. Белгілі себеппен «Қазақстан» шахтасында апат болған, ол тоқтап тұр. Ол жерде әлі өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп жауап берді өңір әкімі тілші сұрағына.

Әкімнің айтуынша, Костенко шахтасында арнайы комиссия жұмыс істеуде.

«Комиссия жұмысын аяқтаған соң, рұқсат берген соң ғана шахтада қалпына келтіру жұмыстары басталады. Мамандардың айтуынша, Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2-2,5 ай уақыт керек. Бұл ретте ешқандай шахтаны жабу жоспарда жоқ екенін айтқым келеді», - деде Е. Бөлекпаев.

Бұған дейін облыс әкімі Костенко шахтасында мерт болған 46 кеншінің туыстарына қандай төлемдер берілгенін түсіндірген еді.