ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы тағайындалды

0
843

Тағайындалған басшы 1983 жылы Ақтөбе облысында туған.


ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Баубек Жеткергенұлы Оралмағамбетов Аэроғарыш комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Е. Шаймағамбетов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister сайтына сілтеме жасап.

Б. Оралмағамбетов 1983 жылы Ақтөбе облысында туған. Мәскеу авиация институтын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығында инженер-конструктор болып бастаған.

2010-2012 жылдары «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өкілдігінде бас маман, бөлім басшысы болды.

2012-2014 жылдары - ҚР Ұлттық ғарыш агенттінің Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директорының орынбасары; директоры.

2014-2015 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Жобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары - «Ғалам» ЖШС бас директоры. 2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарған.

2017 жылғы мамырдан бастап ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.