ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады

0
720

Мұрат Бектанов қаңтар айында қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын.


ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ел ішіндегі тәртіпсіздік кезінде өз міндетін атқармағаны үшін ұсталып, қамауға алынғаны туралы мәліметтер тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ “Нехабар” телеграм арнасына сілтеме жасап.

ҚР аумағындағы қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік және терроризм актілері бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қиын сәтте өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны анықталды.

19.02.2022 жылы аталған факті бойынша ҚР Бас прокуратурасымен ҚК-нің 452-бабы биліктің әрекетсіздігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұрат Бектанов қаңтар айында қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік басшысының командирлік қасиеттерін көрсетпегенін мәлімдеді.

"Министр Бектанов қиын сәтте командирлік қасиетін көрсеткен жоқ. Командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар барысында жақсы нәтиже көрсеткен армияға ие бола отырып, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмадық және сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық", - деді президент.