ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағалығына Нұрлан Нығматулин ұсынылды

0
2 324

14 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев бұл лауазымға Нұрлан Нығматулинді ұсынды.


ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағалығына Нұрлан Нығматулин ұсынылды

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттары алғаш өткен пленарлық отырыста Мәжіліс спикері лауазымына кандидат ретінде Нұрлан Нығматулинді ұсынды, деп жазады zakon.kz.

VII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары ант беріп үлгерді.

14 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев бұл лауазымға Нұрлан Нығматулинді ұсынды.

"Кеше "Nur Otan" фракциясының отырысында Елбасы бұл лауазымға депутат Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Барлық тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді ол қалтқысыз орындады. Ол парламентаризмнің дамуына және жұмыс сапасының артуына ат салысты. Дәстүр бойынша барлық палаталардың отырыстары, презентациялар, үкімет сағаттары, мамандандырылған комитеттердің отырыстары үкімет мүшелерімен онлайн режимде өткізілді. Оның үкімет мүшелерінен жұмыс істеуді қалай талап ете алатынын барлық қазақстандық біледі. Оның кандидатурасын қолдауларыңызды сұраймын", - деді Дархан Мыңбай.