ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аймақтық жоғары оқу орындарының мансап орталықтарын дамытып жатыр

0
1 222

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде мансаптық орталықтар қызметінің озық тәжірибелері қарастырылып, өңірде олардың ең үздік практикаларын тиімді қолдану талқыланды. Университет жанындағы мансаптық орталық жас мамандарды жұмысқа орналастыруға және олардың заманауи еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етудің тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс істемек.


ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аймақтық жоғары оқу орындарының мансап орталықтарын дамытып жатыр

Павлодарда аймақтық жоғары оқу орындарында мансаптық орталықтарды ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің үздік тәжірибелерін енгізу жөніндегі жоба өзінің табысты қызметін жалғастыруда - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде мансаптық орталықтар қызметінің озық тәжірибелері қарастырылып, өңірде олардың ең үздік практикаларын тиімді қолдану талқыланды. Университет жанындағы мансаптық орталық жас мамандарды жұмысқа орналастыруға және олардың заманауи еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етудің тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс істемек. Орталықта болашақ түлектердің мансабын құрудың халықаралық стандарттарын енгізу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі және олардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылы үшін платформа құрылады. Аталмыш жоба «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қолдауымен және ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің (ШИК) адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тобы жұмыс Жоспарының 5.1 тармағы шеңберінде жүзеге асырылады.
Іс-шараға елімізде ең табысты саналатын КИМЭП Университеті жанындағы мансап орталығының өкілдері, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті мен жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ ректорат және С.Торайғыров атындағы университеттің Мансап орталығы қызметкерлері қатысты.
«Біз аймақтық жоғары оқу орындарымен Мансап орталығының жұмысын ұйымдастыруда ең үздік тәжірибелерімізбен бөлісуге қуаныштымыз. Жоғары оқу орындары өз студенттеріне еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін білім беруді ғана емес, сонымен қатар олар үшін әлеуетті жұмыс берушілермен коммуникация мүмкіндігін тудыруы шарт деп есептейміз. Сондықтан да жоғары оқу орындары жанындағы мансап Орталықтары осындай өзара іс-қимыл үшін толыққанды «көпірге» айналуы тиіс», - деп атап өтті КИМЭП Мансап және Жұмысқа орналастыру қызметінің жетекшісі Меруерт Адайбекова.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты өлшемі оқу бітіргеннен кейін түлектерді жұмыспен қамту, оларды жоғары ақы төленетін қызметке орналастыру болуы тиіс екенін атап өтті. Ал, мұндай тәсіл тікелей білім беру қызметтерінің сапасымен қатар жоғары оқу орындары жанындағы мансап орталықтардың жұмысын күшейтуді де талап етеді.
Павлодарда өткен іс-шара Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында аймақтық жоғары оқу орындарында мансаптық орталықтарды ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің үздік тәжірибелерін енгізу жөніндегі жобаның бір бөлігі болды. Бұл жоба өткен жылдың күзінен бастап Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің (ШИК) жұмыс тобы шеңберінде іске асырылуда.