ҚР ҰҚК шекара қызметі жоғалып кеткен сарбазды іздестіріп жатыр

0
1 232

Іздестіру жұмыстарына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің күштері жұмылдырылған.


ҚР ҰҚК шекара қызметі жоғалып кеткен сарбазды іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. Қырғызстанмен шекарада із-түзсіз жоғалып кеткен сарбазды бесінші күннен бері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметін іздеп жатыр, деп жазады orda.kz

«ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі 2 наурызда із-түзсіз жоғалып кеткен, Андас батыр шекара бөлімінде әскери борышын өтеген Бердішов Ұлықбек Айдарбекұлын іздестіруде», - делінген жексенбі күні таратқан хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің күштері жұмылдырылған.
«Аталған факті бойынша тексеру және тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді шекара қызметі.