ҚТЖ жолаушыларды Қарағандыдан Теміртауға дейін тегін тасиды

0
506

ҚТЖ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр - Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды.


ҚТЖ жолаушыларды Қарағандыдан Теміртауға дейін тегін тасиды

ERNUR.KZ. ҚТЖ Қарағандыдан Теміртауға дейін жолаушыларды пойызбен тегін тасиды, деп жазады sputnik.kz.

Ауа райының қолайсыздығынан тасжолдың Қарағанды-Теміртау учаскесінде автокөліктерге шектеу енгізілді. Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қарағанды станциясынан №6869 Ақадыр - Теміртау пойызымен Теміртау станциясына дейін жолаушыларды тегін тасымалдайтынын хабарлады.
ҚТЖ азаматтардың барлығынан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және осындай ауа райында сапарға шығудан бас тартуды сұрады.
Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі және "Ktzh_pp_bot" телеграмм боты арқылы алуға болады.