Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайтын болды

0
298

Ашық сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында өтеді.


Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайтын болды

ERNUR.KZ. Азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі алқабилер соты қарайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 320, 321-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: сотталушылардың қорғаушылары Бишімбаев пен Байжановтың өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту; прокурорды айыптау актісінің көшірмесін сотталушының қорғаушыларына тапсыруға міндеттеу. Айыпталушы Бишімбаев пен Байжановқа қатысты ашық сот отырысы алқабилердің қатысуымен 2024 жылғы 27 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласы, Кенесары көшесі 3 мекенжайындағы сот ғимаратында аудио және бейнетіркеу құралдарын қолдана отырып өтеді. Сот орыс тілінде жүргізіледі», - деді судья Айжан Құлбаева сейсенбі күнгі алдын ала тыңдауда.

Қаулы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды.