«Күдікті – мұғалім»: Қызылжарда 8-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен 28 жастағы жігіт ұсталды

0
773

Құзырлы органдар бұл фактіні растағанымен, оқиғаның мән-жайы туралы айтқан жоқ.


«Күдікті – мұғалім»: Қызылжарда 8-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен 28 жастағы жігіт ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылжарда 28 жастағы жігіт 8-сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Бейресми мәліметтерге сәйкес, күдікті – мұғалім, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол қаладағы оқу орындарының бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Ал жәбір көрген қыз Аққайың ауданындағы Смирнов ауылының тұрғыны деген ақпарат бар. Құзырлы органдар бұл фактіні растағанымен, оқиғаның мән-жайы туралы айтқан жоқ.

«Сотқа дейінгі тергеу 28 жастағы ер адамның 14 жасар кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскенін анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни «он алты жасқа толмаған адаммен немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді», - делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.