Күдікті ұсталды: Талдықорғандағы адам өлімі оқиғасының мән-жайы белгілі болды

0
499

1980 жылы туған ер адам бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған.


Күдікті ұсталды: Талдықорғандағы адам өлімі оқиғасының мән-жайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Талдықорғандағы адам өлімінің мән-жайы белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жетісу облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікеновтің айтуынша, күдікті марқұм адамның танысы болып шықты.

"1980 жылы туған ер адам бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Күдікті бірнеше күн бойы облыс орталығының көпқабатты үйлерінің біріндегі жертөледе жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, қамауға алынды. Мойындау айғақтарына сәйкес, кісі өлтіру жәбірленушілердің бірімен алкоголь ішкен кезде жасалады. Іс бойынша тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауында", - деді облыс ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Еске салайық, 5 қаңтарда Талдықорғандағы жеке үйлердің бірінде егде әйел мен оның 52 жастағы ұлының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылған болатын. Полицейлер бұл қылмысқа 43 жастағы ер адамның қатысы бар екенін анықтады. Оған іздеу жарияланған болатын.