Құлпытастағы QR-код арқылы енді марқұмның кім болғанын біле аласыз

0
504

QR-код арқылы марқұмның жеткен жетістікерін, тіршілігінде кім болғаны және қандай қызметтер атқарғаны туралы толық мәліметті біле аласыз.


Құлпытастағы QR-код арқылы енді марқұмның кім болғанын біле аласыз

ERNUR.KZ. Қайтқан адамның құлпытасына QR-код қойғандар ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Бейнежазбаның еліміздің қай қаласында түсірілгені әзірге белгісіз, деп жазады exk.kz.

Бейіт басын аралап жүргендердің видеосын танымал блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда құлпытаста тұрған QR-кодты көруге болады.

Сол QR-код арқылы марқұмның жеткен жетістікерін, тіршілігінде кім болғаны және қандай қызметтер атқарғаны туралы толық мәліметті біле аласыз. Алайда бұл жаңашылдық желі қолданушыларының көбін тіксінтіп тастады.




"Туыстары жетістіктерін онсыз да біледі ғой. Бөтен адамға оның керегі қанша?", "Телефон нөмірін жазып қоятын шығар бір куні. Хабарласып, хал-жағдайын сұрай аласыздар деп!", "Өлген соң оның барлығының не керегі бар? Жетістігі не, өмірде қандай болғанының керегі не? Артында құранға қол жаяр ұрпағы болса — сол игі!", "Инстаграм парақша ашып қоятын шығар бір күні", — деп жазды желі қолданушылары.