Құрбан айт намазы 10 минут оқылады

0
635

«Қызыл аймақта» құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.


Құрбан айт намазы 10 минут оқылады

ERNUR.KZ. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде құрбан шалу рәсіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

«20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, аймақтарда 10-минуттық құрбан айт намазы оқылады. «Қызыл аймақта» құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифинг өткізеді. Жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды сұраймыз», – деді бас мүфти.