"Күш қолдандық, қарсыласты" – министр басқыншыны ұстау операциясы туралы айтты

0
625

Министрдің айтуынша, басқыншы түрлі талаптар қойған.


ERNUR.KZ. Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізілген операция туралы толығырақ айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министрдің өзі келіссөздер жүргізіп, күштік операцияны басқарған.

Оның айтуынша, шабуыл кезінде полиция шулы жарық гранатасы мен көз жасаурататын газ қолданған. Жарақат алғандар жоқ, дейді Ахметжанов.

"Басқыншы изоляторға қамалды. Біз оны алып кеттік. Қазір бәрін анықтайтын боламыз. Мен өзім кіріп сөйлестім. Ол менің жеке деректерімді тексерді… Дәрігерлер қарап жатыр, біз көз жасаурататын газ қолдандық. Ешкім зардап шеккен жоқ, Барлығы аман-есен", – деді министр.

Журналистердің "Басқыншы қарсылық көрсетпеді ме деген сұрағына ол: "Әрине, қарсыласты" деп жауап берді.

Министрдің айтуынша, басқыншы түрлі талаптар қойған.

"Мен ішке кіріп, онымен сөйлестім, ол туғандарына көмектесіп, белгілі бір счетқа ақша аударуды сұрады. Оның барлығы тергеу барысында анықталатын болады", - деді министр.