Құтқарушылар мен полицейлер мектеп оқушыларына дәріс оқиды

0
800

Мектеп бағдарламасына қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу дәрістері енгізіледі.


Құтқарушылар мен полицейлер мектеп оқушыларына дәріс оқиды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, министр жаңа оқу жылында мектептердегі тәрбие жұмыстарын күшейтуге баса назар аударылатынын айтты.

"Бұл жұмысты атқаруда "Ата – ана – мектеп – бала" қағидаты, яғни ата-аналардың қолдауы аса маңызды. Сондықтан биылғы оқу жылынан бастап, барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар академиясы, яғни, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейді, деді ол.

Сонымен қатар мектептердегі тәрбие бағдарламасының аясында күштік құрылым қызметкерлері өз тәжірибесін бөліседі.

"Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыру мақсатында – жаңа оқу жылынан бастап, 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырыла бастайды. Осының негізінде, биыл алғаш рет мектептегі тәрбие бағдарламасына қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу дәрістері енгізіледі", деді Ғани Бейсембаев.