Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді

0
406

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.


Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Қырғыз Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары 18-19 сәуірде өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл ретте Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Дастан Дюшекеев журналистерге сапар аясында екі ел басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізетінін айтты.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Жапаров Қазақстандағы Қырғыз киносы күндерінің ашылуына және басқа да бірқатар шараларға қатысады.