Қырғызстанда қазақ кәсіпкерін бопсалаған ҰҚТ мүшелері ұсталды

0
496

МҰҚК қызметкерлері Б.К.Н есімді адамды 300 мың сом алып жатқан жерінен ұстаған.


Қырғызстанда қазақ кәсіпкерін бопсалаған ҰҚТ мүшелері ұсталды

ERNUR.KZ. Бішкекте ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның МҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, 20 мамырда ҰҚТ бірнеше мүшесі қазақстандық жеке кәсіпкерді бопсалап, Mercedes-Benz маркалы көлігін өздерінің атына жазуды талап еткен. Артынша 20 мың доллар сұрап, бопсалаған.

МҰҚК қызметкерлері Б.К.Н есімді адамды 300 мың сом алып жатқан жерінен ұстаған. Қырғызстанның 208-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.