Қысылтаяңда қажетті шешім шығару үшін Президенттің өкілеті кеңейтілді

0
603

Заң жобасында төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу тетігі белгіленіп отыр.


Қысылтаяңда қажетті шешім шығару үшін Президенттің өкілеті кеңейтілді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай кезінде жедел шаралар қабылдау құжатпен бекітілді. Сенат бүгін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қысылтаяң шақта қажетті шешім шығару үшін Президенттің өкілеттігі де кеңейді. Мемлекеттік басқарудың механизмі нақтыланды. Салық, бюджет, кеден, мемлекеттік сатып алу сынды салалардағы іс-шаралар толықтырылды.

Заң бойынша төтенше жағдай кезінде қабылданған құқықтық актілер оның мерзімі біткенше жұмыс істейді. Кейін күшін жояды.