Қытайлық кәсіпкерлер БҚО-да ақбөкендерді өсіретін орын ашуды ұсынды

0
536

Өңір басшысы мәселені жан-жақты зерттеп, берілген ұсыныс қаралатынын жеткізді.


Қытайлық кәсіпкерлер БҚО-да ақбөкендерді өсіретін орын ашуды ұсынды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қытай компанияларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында қытайлық кәсіпкерлер ақбөкендерді өсіретін орын ашуды ұсынды, деп жазады Stan.kz.

БҚО әкімідігінің мәліметінше, шараға бейнебайланыс арқылы Қытай инвестициялық қоры, Қытай фармацевтикалық мәдениетті зерттеу қауымдастығы, Қытай ұлттық жабайы табиғатты сәйкестендіру орталығының өкілдері, жергілікті сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында Қытай компаниялары жеке қаражат есебінен Батыс Қазақстан облысында киік өсіруге арналған орын ашуды ұсынды. Сол жерде лабораторияда киіктің дериват (мүйізін) өңдеу зауытын орналасып, біріккен мекеме ашу туралы жоспарларымен бөлісті. Өңір басшысы мәселені жан-жақты зерттеп, берілген ұсыныс қаралатынын жеткізді”, – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар киіктерді қорғай отырып, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы аулауға мүмкін болатын мөлшерін талқылады. Өз кезегінде облыс әкімі шұғыл түрде киіктердің популяциясын реттеу бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.