Қызметкердің банк картасы тәркіленсе, жұмыс беруші жалақыны қолма-қол бере ала ма

0
884

"Қызметкер жалақысын қолма-қол ақшамен беруді өтінді, өйткені оның картасы тәркіленген".


Қызметкердің банк картасы тәркіленсе, жұмыс беруші жалақыны қолма-қол бере ала ма

ERNUR.KZ. Жұмыс берушінің жалақыны қолма-қол төлеуге құқығы бар ма? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп жазады zakon.kz.

Сонымен жауапта ҚР Еңбек кодексі жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері, жұмыс берушінің қызметкердің жалақысын уақытылы және толық төлеу жөніндегі міндеттерін ғана реттейтіні көрсетілген.

Жалақы айына кемінде бір рет келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қолма-қол ақшамен белгіленеді және төленеді. Жалақыны төлеу мерзімі еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленеді. Егер жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне сай келсе, төлем олардың қарсаңында жасалады.

"Сонымен бірге Еңбек кодексінде қызметкерлерге жалақы төлеуге қатысты басқа шектеулер қарастырылмағандықтан, жалақыны төлеу нысаны (қолма-қол ақшамен немесе карточкамен) тараптардың келісімімен шешіледі деп есептейміз ( еңбекте, ұжымдық шарттарда, келісімде)", - деп қорытындылады Еңбек министрлігі.