Қызылорда облысы 4 тауар бойынша әлемдегі экспорттаушы елдердің үздік бестігіне кірді

0
1 437

Соңғы бес жылда облыстың агроөнеркәсіптік кешені қарқынды дамуда.


Қызылорда облысы 4 тауар бойынша әлемдегі экспорттаушы елдердің үздік бестігіне кірді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жаһандық бәсекелестік артықшылыққа ие 21 тауар бар. Оның ішінде 4 тауар бойынша әлемдегі экспорттаушы елдердің үздік бестігіне кіреді. Олар - тұз, күріш, балық және минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машиналар (өңдеу өнеркәсібінде қолданылады), деп жазады zakon.kz.

Бұл ретте, ұсақталған күріш экспорты бойынша облыс әлемде І орын алып, жаһандық бәсекелестік басымдыққа ие деп хабарлайды Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы.

- Жаһандық салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізуде балық өнімдерінің экспортын қажетті деңгейге дейін ұлғайту зор мүмкіндік болып табылады. Бұл индекс елдің тауар экспортының халықтың жан басына шаққандағы орташа әлемдік көрсеткішке арақатынасын өлшейді, - деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.



Басқарманың мәліметінше, соңғы бес жылда Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қарқынды дамуы байқалуда.

Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 27 есеге артты.

Аймақ экспортының шоғырлану деңгейін талдау соңғы бес жылда экспорттың әртараптандырылуын көрсетеді. Осылайша, экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері 5 есеге өсті (3-тен 16 түрге дейін).

Өткен жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 34,5 млн.долларды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өсті.

Айта кетейік, өнімді өткізудің негізгі нарығы - Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Украина, Моңғолия, Польша және Нидерланды