Қызылорда облысында ер адам 7 жасар қызын зорламақ болды деп айыпталды

0
1 510

Әкесі үйде ешкім болмағанын пайдаланып, 7 жасар қызын зорламақ болған.


Қызылорда облысында ер адам 7 жасар қызын зорламақ болды деп айыпталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында ер адам өзінің 7 жасар қызын зорламақ болған деп күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

Қызылорда облысының ауылында ер адамның өз қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасамақ болған деген ақпарат тарады.

"Әкесі үйде ешкім болмағанын пайдаланып, 7 жасар қызын зорламақ болған. Ол қызды шешіндірмек болған сәтінде үйге 6-сынып оқитын ұлы келген. Ол әкесімен төбелесіп, қыздың қашып кетуіне көмектескен. Қыз жүгіріп, бәрін көршіге айтқан, ал ол қыздың анасына қоңырау шалды", – делінген желідегі постта.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Күдікті ер адам қамауға алынды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайлары анықталуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес істің басқа да егжей-тегжейлері жария етілмейді", – деді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.