​Қызылорда облысында қалың қар астында мал қырылды

0
1 491

Қаратауға өрлеген уақ мал 1 метрлік қалың қарға омбылап, көш тоқтаған.


​Қызылорда облысында қалың қар астында мал қырылды

ERNUR.KZ. Жанақорған ауданында уақ мал 2 күн бойы толассыз жауған қар астында қалып қойған, деп жазады 24.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің СМС-ескертпесіне қарамастан шопандар мың жарым қой-ешкіні жайлауға қарай көшірген. Қаратауға өрлеген уақ мал 1 метрлік қалың қарға омбылап, көш тоқтаған. Шаруа қожалықтары қазір жоғалған түліктерін түгендеу үстінде. Болжам бойынша 200-ден астам уақ мал қырылған көрінеді. Шығынның нақты есебі қар ерігесін белгілі болмақ.