Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды

0
463

Лауазымды тұлғалар облыстағы спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 млн теңге пара бермек болған.


Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды

ERNUR.KZ. 27 мамырда Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шықты. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды, деп жазады sputnik.kz.

Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры – Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев сотталды. Оларға 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды.
Лауазымды тұлғалар облыстағы спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 млн теңге пара бермек болған.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2022 жылғы ақпанда Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильин пара берді деген күдікпен екі айға қамалғаны туралы ақпарат тарады. Алексей Ильин қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің туған ағасы.