Қызылорда облысында жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды

0
365

Қыздың ата-анасы мен туыстары оны өз бетімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, полицияға жүгінген.


Қызылорда облысында жоғалған 7 жасар қыздың денесі табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жоғалған қыздың денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті. Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қыздың ата-анасы мен туыстары оны өз бетімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, полицияға жүгінген.

Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімдігінің қызметкерлері, волонтерлер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ баланы табу мақсатында екі дрон пайдаланылды.

Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті»Үбіс«каналынан табылды. Зорлық-зомбылық белгілері байқалмады», - делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала каналға суға батып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.