Қызылорда облысының күріш өндірушілері 68 млн теңге айыппұл арқалады

0
510

Кәсіпорындардың күріш бағасын белгілеуде бәсекеге қарсы келісілген іс-қимылы анықталды.


Қызылорда облысының күріш өндірушілері 68 млн теңге айыппұл арқалады

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысында күріштің 6 ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеу аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, "Абзал и К" ТС, "Мағжан и К" ЖШС, "Жан-Арай" ЖШС, "Най-Мир" ЖШС, "Абай-Даулет" ЖШС және "Байдалиев К" ЖК кәсіпорындары күріш бағасын белгілеп және оны ұстап тұрғандығы туралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактілері белгілі болды.

Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

"2023 жылдың маусым айында сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады агенттік.

Сот шешімі заңды күшіне енді.