Қызылордада 18 жастағы бойжеткен бес күннен кейін табылды

0
545

Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.


Қызылордада 18 жастағы бойжеткен бес күннен кейін табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында бес күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды, деп жазады inform.kz.

Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.

«Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі уақыт 22:00-де қала аумағынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.