Қызылордада 20 тонна орама жіп алып бара жатқан жүк көлігі өртенді

0
437

Тәжікстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі ортқа оранған.


Қызылордада 20 тонна орама жіп алып бара жатқан жүк көлігі өртенді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында орама жіп тиелген жүк көлігі толығымен өртеніп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 30 тамызда «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданы аумағында болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі ортқа оранған.

«Бұл жайындағы хабарлама сағат 5.33-те аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің бекетіне келіп түсті. Оқиға Жаңақорған ауданының орталығына 45 шақырым қалған аумақта болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік тіркемесінде 20 тонна орама жіп тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен көліктің кабинасы толықтай сақталып қалды. Өрт 07.22-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.