Қызылордада 425 шаршы метрді құрайтын караоке клубы өртеніп кетті

0
368

Шақырту бойынша өрт сөндіру қызметінен 8 техника 38 қызметкер жұмылдырылды.


Қызылордада 425 шаршы метрді құрайтын караоке клубы өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында көлемі 425 шаршы метрді құрайтын караоке клубы өртеніп кетті, деп жазады ktk.kz.

23 маусымда сағат 04:04-те 101 пультіне Қызылорда қаласы Ғ. Мұратбаев көшесі №77 мекенжайда орналасқан караоке клубының жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

Шақырту бойынша өрт сөндіру қызметінен 8 техника 38 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімінің мамандары көлемі 425 шаршы метр болатын бір қабатты караоке клубы толық жанып жатқаны анықтады.

Өрт сөндірушілер караоке клубтың жапсарлас салынған жаздық тамақтану орны, жобалау құрылыс мекемесі тұрған ғимараттарға таралуына жол берген жоқ. Өрт 05:22-де оқшауланып, 05:34-те толық жойылды.

Қаза болғандар, жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуды. Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінен 38 қызметкер мен 8 техника барды. Сондай-ақ, апаттар медициналық орталығы, Полиция департаменті , электр торабы мекемелерінен мамандар келді.