Қызылордада 800 шаршы метр аумақта ескі шиналар жанып жатыр

0
295

Қызылорда қаласында жеке компания аумағында ескі дөңгелектер жанып жатыр.


Қызылордада 800 шаршы метр аумақта ескі шиналар жанып жатыр

ERNUR.KZ. Өрт аумағы шашамен 800 шаршы метрді құрайды, деп жазады ktk.kz.

«13 маусым күні сағат 11.12-де Қаратоғай көшесі, 43 мекенжайндағы ескі шиналарды кәдеге жарататын «Smart rubber» ЖШС аумағында өрт болды. 800 шаршы метр аумақта автокөлік дөңгелектерінің ескі шиналары тұтанды. Жалынның таралуына жол берілген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 45 адам 9 техникамен жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығы филиалынан 4 адам 1 техникамен келді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.