Қызылордада апиын сатпақ болған 5 азамат ұсталды

0
275

Олар 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенген.


Қызылордада апиын сатпақ болған 5 азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды, деп жазады sputnik.kz.

2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенген Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.
"Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.