Қызылордада аудандық аурухана есепшілері 14 миллион теңге жымқырған

0
508

Ведомоствоның мәліметінше, Жаңақорған аудандық ауруханасының бұрынғы бас бухгалтері қызметтік өкілеттігін пайдаланып, 2015-2019 жылға дейін жалған іссапар құжаттарын ресімдеп отырған.


Қызылордада аудандық аурухана есепшілері 14 миллион теңге жымқырған

ERNUR.KZ. Қызылордада аудандық аурухана есепшілері 14 миллион теңге жымқырған, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомоствоның мәліметінше, Жаңақорған аудандық ауруханасының бұрынғы бас бухгалтері қызметтік өкілеттігін пайдаланып, 2015-2019 жылға дейін жалған іссапар құжаттарын ресімдеп отырған.

Аталған дерекке қатысты сот-бухгалтерлік сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын сомасы 14 миллион теңге.

Аудандық аурухананың бұрынғы қызметкерлері М. Сатыбалдиева мен З. Шомантаева 2 жылдан 7 жылға дейін, ал М. Бөрібаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.