Қызылордада аурухананың балконынан құлап кеткен әйел көз жұмды

0
291

Егде жастағы әйел облыс орталығындағы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан.


Қызылордада аурухананың балконынан құлап кеткен әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Қызылордада ауруханалардың бірінде төртінші қабаттың балконынан пациент құлап қайтыс болды. Көз жұмған әйел - 61 жаста, деп жазады sputnik.kz.

Егде жастағы әйел облыс орталығындағы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан. 6 тамыз күні ол белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Қызылорданың полиция департаменті әйелдің өлімін растады.
"Аталған факті полицияда тіркелді, Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 1-тармағы бойынша "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.